Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік қызметтер
Жұмысқа қабылдау

Әкімшілік гимназияның педагог-психологтарымен бірлесе отырып, жасөспірімдердегі жағымсыз мінез-құлықтардың алдын-алудың себептері, белгілері мен тәсілдерін талқылап, дабыл өзгерістерін уақытында байқап, баламен сенімді байланыс орнатудың маңыздылығын атап өтті.
Интерактивті жаттығулар барысында ата-аналар проблемалық жағдайлардың алдын алу және шешу бойынша отбасы мен мектептің өзара іс-қимылының тиімді нысандарын талқылады.
Кездесудің негізгі идеясы: барлығы отбасынан басталады. Отбасында бала сүйіспенш…
- Details
- Written by Смоляная Марина Николаевна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 4

2026 жылғы 1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа қабылданатын балалардың құжаттарын тіркеу басталады. Болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары баласының мектептегі жолы қалай қалыптасатынына алаңдап, толқып отырады. Білім беру ұйымдары балаларды дайындық деңгейіне қарамастан 1-сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
А. М. Горький атындағы гимназияны таңдаған жағдайда, ата-аналар гимназия оқушыларының оқу және сабақтан тыс жүктемесінің жоғары деңгейде болатынын және оған дайын болу қажеттігін білуі тиіс.
А. М. Горький атындағы гимназияда оқуға дайындық дегенде біз білім көлемін ғана емес, ең алдымен мектепке психологиялық дайындықты (зейіннің дамуы мен ауыса білуі, коммуникативтік дағдылар, ынтымақтастыққа ұмтылу, әлеуметтік нормалар мен мектеп ережелерін түсіну және қабылдай білу) меңзейміз. А. М. Горький атындағы гимназияда барлық сыныптар – гимназиялық сыныптар, бұл оқу кестесінде коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру мен дамытуға, математикалық сауаттылықты арттыруға, дүниетанымды кеңейтуге, ағылшын тілін оқуға бағытталған вариативтік компоненттің болуын көздейді. Сондықтан гимназия жағдайында табысты білім алу үшін интеллектуалдық жүктемеге дайындық та қажет. Гимназиядағы нәтижелі оқудың тағы бір маңызды құрамдас бөлігі – оқуға деген уәж (мотивация). Таным процесіне қызығушылық, жаңа нәрсені білуге ұмтылу, жаңа достар мен пікірлес жандар табуға талпыныс мектепке оң көзқарасты қалыптастырып, соның нәтижесінде жақсы оқу жетістіктеріне жеткізеді.
Ата-аналардың назарын бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды тіркеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы (республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана деңгейіндегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледждер мен спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды қоспағанда)» бұйрығымен бекітілген тізбеге сәйкес жүзеге асырылатынын ескертеміз.
Мектепке даярлауды жүзеге асыратын мектепке дейінгі білім беру ұйымын таңдау – ата-аналардың жеке ісі және гимназияға қабылдауға ешқандай әсер етпейді.
Құжаттарды тіркеу жұмыстарын тиімді жүргізу үшін құжаттар тізімімен және тіркеу алгоритмімен алдын ала танысуларыңызды сұраймыз.
- Details
- Written by Герасева Ирина Михайловна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 3
Read more: Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!
- Details
- Written by Лисовский Андрей Владимирович
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 17
Read more: Балалар мен жасөспірімде рге арналған кибергигиена қағидалары

Олар ұжымымызды біріктіріп, ерекше жылылық пен сенімге толы атмосфера қалыптастырады.
Біздің мектебімізде көптеген жылдар бойы жалғасып келе жатқан тамаша кәсіподақтық дәстүр бар — ұстаздарымыздың балаларына Аяз ата мен Ақшақардың Жаңа жылдық құттықтауы. Сиқырлы ертегі кейіпкерлері балалардың үйлеріне барып, оларды Жаңа жылмен құттықтап, қуаныш пен ғажайыпқа толы көңіл күй сыйлайды.
Бұл дәстүр — тек құттықтау ғана емес, ол қамқорлықтың, бірліктің, адамгершіліктің айқын көрінісі. Балалардың жүзіндегі шаттықты, ата-аналардың ризашылығын көру — біз үшін үлкен бақыт.
Осындай игі дәстүрлеріміз сақталып, жалғасын таба берсін, ал әрбір үйде Жаңа жыл мейірім мен қуаныш, жылулық пен үміт әкелсін. ✨🎄
- Details
- Written by Дандыбаева Гульфия Тулегеновна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 58
Read more: Мектепте жақсы, жүрекке жақын дәстүрлердің болғаны қандай тамаша!

Сабақ барысында оқушылар Қазақстан тәуелсіздігінің маңызды кезеңдерімен танысты: Сақ дәуірінен бастап Қазақ хандығының құрылуы, ел үшін күрескен батырлар мен қайраткерлердің ерлігі туралы мәлімет алды.
Оқушылар ата-бабаларымыздың тәуелсіздікті қалай қорғағанын, бүгінгі таңда оны қалай сақтап отырғанымызды және еліміздің болашағын қалай елестететіндерін талқылады.
Сабақ соңында балалар тәуелсіздікті құрметтеу, білім алу және Отанға адал қызмет ету — әр азаматтың басты міндеті екенін атап өтті. Жарқын болашақ өз қолымызда екенін жеткізді.
- Details
- Written by Жуматаева Акжибек Салимжановна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 113
Read more: Бүгін 5-сыныптарда «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді.
- Details
- Written by Брунер Светлана Васильевна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 42
Read more: Фишингтің жаңа толқыны - Сіздің iPhone онлайн ұрлануда

20–21 қараша күндері мектебімізде оқушылардың эмоционалды саулығын нығайту, өз-өзін түсіну және мейірім атмосферасын қалыптастыру мақсатында бірнеше шара өткізілді. Барлық іс-шараларға педагогтар мен оқушылар бірлесіп қатысты.
Жылы лебіздер аллеясы
Оқушылар мен мұғалімдер «тірі аллея» жасап, кірген балаларды жылы сөздермен, күлімсіреп қарсы алды.
Рефлексия: «Бір жылы сөз бір күнді өзгерте ала ма?»
Позитивті аффирмациялар
Әр оқушыға мотивациялық аффирмация таратылды, олар оны оқып, күн бойы қайталады.
Рефлексия: «Бұл аффирмация менің бүгінгі күнімді қалай өзгерте алады?»
Уақыт капсуласы
Оқушылар өз мақсаттары мен армандарын хатқа жазып, жыл соңына дейін сақтайды.
Рефлексия: «Мен қандай болғым келеді?»
Эмоциялар сәті
Кластар фотоколлаждар жасап, позитивті эмоцияларды көрсетіп, достықты бағалады.
Рефлексия: «Біздің сыныбымызды қандай эмоциялар біріктіреді?»
Қуанышты үзіліс
Музыкалық плейлист, би, шеңбер ойындары арқылы эмоцияларды разрядтау және топтық бірлікті нығайту.
Рефлексия: «Белсенді демалыс маған қандай күш берді?»
- Details
- Written by Жуматаева Акжибек Салимжановна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 67

“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Заң және тәртіп” құндылығын сіңіру мақсатында 5-сынып оқушылары арасында “Лудомания-қауіпті ауру” атты тәрбие сағаты өтті. компьютерлік ойындарға сақтау үшін
Оқушыларға компьютерлік және телефондағы ойынға құмарлық оның адам өмірі мен денсаулығына зияны туралы ақпарат айтылды. Оқушылар арасында тақырып аясында пікір алмасып өз ойларымен бөлісті. Лудомания адам өміріне қауіпті екені, одан аулақ болу қағидалары түсіндірілді
Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдерге жауапкершілік, өз-өзін бақылау дағдыларын қалыптастыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
#Лудомания #ОйынғаТәуелділік #БалалардыҚорғау #Жауапкершілік #ӨзінБақылау #ҚұқықтықСауаттылық #СалауаттыӨмірСүру #МектепІсШарасы #АдалАзамат #ЗаңЖәнеТәртіп
- Details
- Written by Жуматаева Акжибек Салимжановна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 58

Бастауыш сынып оқушылары табиғатқа шыққанда қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, ауа райы жағдайларын ескеруді және күтпеген жағдайларда сабыр сақтауды ұмытпауы керек.
Саналы мінез-құлық өзімізді де, жанымыздағы адамдарды да қорғауға, сондай-ақ табиғатты таза әрі ұқыпты сақтауға көмектеседі.
Табиғат бізге демалыс пен жаңа әсерлер сыйлайды, сондықтан оған әрқашан ерекше қамқорлықпен қарау қажет.
- Details
- Written by Жуматаева Акжибек Салимжановна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 58
Read more: Табиғаттағы қауіпсіздік — кез келген демалыстың маңызды бөлігі.

- Details
- Written by Кукушкина Наталья Михайловна
- Category: 12.1 Жаңалықтар
- Hits: 56
Read more: «Семицветик» бейнелеу студиясының «Күзгі қиялдар» тақырыбындағы көрмесі.
Тілді таңдаңыз
Алтын Қор
Педагогикалық этика
Ақпараттық қолдау
Қауіпсіздік техникасы
Баннерлер
Статистика
- Users
- 2
- Articles
- 1669
- Articles View Hits
- 716729